Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Елордада жаңа көрме ашылды

Елордада жаңа көрме ашылды

Көрме 15.04.2022, 12:13 2,322
Елордада жаңа көрме ашылды
inform.kz

Оған орта ғасыр және жаңа замандағы Қазақстан тарихына жататын құнды әрі сирек кездесетін қолжазбалар қойылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін төл тарихымызды насихаттау жолында аса маңызды шара өтіп отыр. Көне жазба мұралар тамыры терең тарихымызды айшықтап, көпшілікке дәріптейді. Ұлт руханиятын одан әрі нығайтып жас ұрпаққа жол ашады. Осы ретте біз ұлттық музейде қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы бірегей жазба деректерден арнайы көрме ұйымдастырып отырмыз. Мақсат – тарихи мұраларды келешекпен өзара байланыстыру, еліміздің сан ғасырлық тарихын айқындайтын баға жетпес мұраларымызды таныту. Сонымен қатар оны ғылыми айналымға қосуымыз керек. Көрмеде ел тарихына қатысты бірнеше маңызды жазба қойылған. Атап айтсақ, VII ғасырда жазылған Құран мен Қожа Ахмет Яссауидің, Махмудидың, Ибн Халифа және басқа танымал тұлғалардың шығармалары бар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев көрменің ашылу салтанатында.



Министрдің айтуынша, аталған құнды қолжазбалар - ұлтымыздың әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі.


Сондай-ақ, олар жаһандық тарихта Ұлы даланың орнын анықтауда маңызды рөл атқарады.



«Алдымен осындай ауқымды, маңызды шараның біздің музейде өтіп жатқаны қуантады. Туған жерімізден көптеген құнды жәдігерлердің табылғаны аян. Тарихтан белгілі, Алтын адамды ашқан кезде қасынан алтын тостаған табылды. Сол тостаған сыртындағы жазу - көне түркі жазбасының куәсі. Сонымен қатар күллі түркі әлеміне танымал Күлтегін ескерткішін де бәріңіз білесіздер», - дейді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.



"Ұлы дала тарихының жазба мұралары" атты көрмеге Қайып ханның түрік сұлтаны ІІ Ахмедке жазған хатынан үзінді, сұлтан Кенесары, Жәңгір хан, сұлтан Айтөре Айшуақ, Абылай ханның хаттары және тағы басқа құнды жәдігерлер қойылған.


Ұлттық музейде ашылған көрмені елорда жұртшылығы жыл соңына дейін тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұражай #кітаптар #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика