Елімізге үш айда 7,6 мың адам көшіп келген

Елімізге үш айда 7,6 мың адам көшіп келген Сурет: Ашық дереккөз

Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады


Бірінші тоқсанда Қазақстанға өзге елдерден 7,6 мың адам көшіп келсе, 2,6 мыңы көшіп кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Аталған кезеңде ел ішіндегі миграция 10,9% артты.


«Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. 2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адамды, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады.


Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады.


2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 87% өсті, ал шығып кеткен 49,6% азайды», - делінген мәліметте.


Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Достастық елдерінен келгендердің үлесі – 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:12

14:05

12:36

12:28

12:09

12:04

12:04

11:56

11:33

11:24

11:16

11:02

10:48

10:36

10:28

10:18

10:01

09:46

09:32

09:00

08:32

21:41

21:25

19:35

19:33