Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

28 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана және Шағалалы су қоймаларынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 129,86 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 69%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 550 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 4,4 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 1 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,8 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 68%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 486,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 183 текше метр су жіберілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:48

11:45

11:39

11:30

11:19

11:13

10:38

10:32

10:31

10:20

10:10

22:56

21:44

15:41

15:13

14:53

14:13

13:18

12:53

12:06

11:56

11:11

10:39

10:16

10:10