Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Еліміздің мегаполистері мен бір облысында карантин...

Еліміздің мегаполистері мен бір облысында карантин күшейеді

Коронавирус 12.01.2022, 15:43 1,260
Еліміздің мегаполистері мен бір облысында карантин күшейеді
Сурет: Eldala.kz

Ел өңірлерінде эпидемиялық жағдай күрделеніп келеді


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты. Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуі және «омикрон» штамының айналымы мәселелері қозғалды.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Ол эпидемиялық жағдайдың күрделеніп жатқанын атап өтті. Тек соңғы тәулікте 4 мыңнан астам адамда вирус анықталды. Қазірдің өзінде 4 аймақ «қызыл» аймаққа енді. Ведомствоаралық комиссия инфекция таралуын болдырмау үшін санитариялық-карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады.


Атап айтқанда:


- «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен караокеге кіруге рұқсат беру туралы норманы ұзарту;


- 13 қаңтардан бастап «омикрон» штамын ескере отырып, СПА-ға, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат беру;


- 15 қаңтардан бастап вакцинациялану мәртебесіне қарамастан шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР тестінің міндетті түрде болуы; Сондай-ақ, «қызыл» аймаққа кірген Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында шектеу шараларын күшейту ұсынылды.


Атап айтқанда:


- 30 адамның қатысуымен «Ашық» нысандарында өткізілетін еске алу шараларын қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;


- Ойын-сауық, мәдени ұйымдардың қызметіне, діни шараларды және әртүрлі конференциялар мен семинарларды өткізуге тыйым салу;


- Қоғамдық тамақтану орындарындағы бір үстелдегі адамдар санын 4 адамға дейін азайту;


- Оқушылардың онлайн нысанындағы оқулары 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, орта және жоғары оқу орындарының барлық курстағы студенттері үшін 2022 жылдың 6 ақпанына дейін;


- Білім орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің жұмысын онлайн-форматқа көшіру;


- Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс;


- Әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі үшін қоғамдық көлік санын көбейту. Кеңес соңында вице-премьер әкімдіктерге азаматтарды вакциналау және қайта вакциналау қарқынын күшейтуді, Үкімет қабылдаған шаралардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эпидемиялық жағдай #карантин #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика