Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміздің колледждерінің үздік студенттері анықтал...

Еліміздің колледждерінің үздік студенттері анықталды

Білім және ғылым 02.05.2025, 09:24 567
Еліміздің колледждерінің үздік студенттері анықталды
Сурет: Gov.kz
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен бүгін «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Бұл байқау республиканың түпкір-түпкірінен колледждердің ең үздік, ең талантты, ең дарынды студенттердің басын қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, бизнес қауымдастықтардың өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, педагогтер мен ардагерлер қатысты.
 
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру саласы еліміздің білім беру экожүйесінде стратегиялық маңызға ие. Бұл жөнінде салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ғани Бейсембаев атап өтті. Министр үздік 100 студентті болашақтың құрылысшылары ретінде елге таныстыру, олардың есімдерін кеңінен дәріптеу, жастарға үлгі ету қажеттігін айтып, бұл бағытта жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
 
 «Еліміздің болашағы – интеллектуалды, білімді, заманауи жастардың қолында. Сіздердің сапалы білім алып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуларыңыз – мемлекет назарындағы басты мәселе. Бүгінде техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келеді, студенттердің шәкіртақысы екі есеге артты. Сонымен қатар, білім алушыларға өз кәсібін бастауға, халықаралық сертификаттаудан өтуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Жастарға бағытталған ірі жобалар мен бағдарламалар – еліміздің жарқын болашағына жасалған инвестиция. Кәсіпті игерген адам – бақытын табады. Сондықтан бұл жыл сіздер үшін үлкен мүмкіндіктер жылы», – деді министр.
 
Экономиканың түрлі салалары үшін білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 2 мыңнан астам дарынды әрі кәсіби білікті студент қатысты. Өңірлерде өткен іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде 200 үздік студент республикалық кезеңге жолдама алып, олардың арасынан 100 үздік жас марапатқа ие болды.
 
Байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» деректер базасына енгізіліп, жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар олардың үздік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілетін болады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Колледждер #үздік студенттер #анықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика