Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің жарты миллионнан аса тұрғыны қант диабет...

Еліміздің жарты миллионнан аса тұрғыны қант диабетіне шалдыққан

Әлеумет 14.11.2024, 15:31 916
Еліміздің жарты миллионнан аса тұрғыны қант диабетіне шалдыққан
almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер аурудың алдын алуға кеңес берді.

Бүгін әлем бойынша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атаулы күн БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген. Биыл бұл күн «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» тақырыбында атап өтіледі, басқаша айтқанда қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге және қолдауға теңдей қол жеткізу қажеттілігіне назар аударылады.

«Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар. Қазақстанда биылғы 1 қазанға қант диабеті диагнозы қойылған 516 мың 564 тұрғын тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, диабет жай ғана ауру емес. Ол – мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін елеулі қауіп. Соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың ампутациясы сияқты бірқатар ауыр асқынуды тудыруы ықтимал.

Бұрын бұл ауру ересектерге тән болса, қазір өмір салтына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында да жиі кездесетін болды.

Ақпаратқа сәйкес, ұлттық скринингтік бағдарлама аясында Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтау үшін тексеруден өтеді, оның ішінде 10%-ында гипергликемия белгілері анықталады.

«Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдап, консультациялық-диагностикалық қызметтер алады әрі дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Олар, сондай-ақ, 46 түрлі дәрілік препараттармен толық көлемде қамтамасыз етілген, оның ішінде бұл инсулиннің 20 түрі және медициналық бұйымдардың 14 түрі», – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге, көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады. Өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56 мың 933 пациент сонда емделген.

Дәрігерлер қант диабетінің ауыр зардаптарын болдырмаудың ең жақсы жолы алдын алу екеніне назар аударды. 2-типті қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаған жөн:

қалыпты дене салмағын сақтау;

күн сайын кем дегенде 30 минут физикалық белсенділікпен айналысу;

дұрыс тамақтану;

қант пен қаныққан майды тұтынуды азайту;

темекі шегуден толығымен бас тарту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #диабет #пациент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика