конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің бассейндік инспекциялары жеңіл көліктерм...

Еліміздің бассейндік инспекциялары жеңіл көліктермен қамтылды

Әлеумет 14.11.2024, 10:07 1,189 dulatbekova
Еліміздің бассейндік инспекциялары жеңіл көліктермен қамтылды
Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Cала министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығы мен шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күресті күшейту үшін құрылған. Ведомство суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ, елдің су объектілеріндегі құқыққа қарсы шаруашылық қызметпен күреседі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту, жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу бойынша жұмыс атқарулуда», − деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бассейндік инспекция #жаңа жабдықтар #қамтамасыз ету #жаңа көліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Бүгін 21:15

Алматыда аптап ыстық кезінде көшелерді суару және ауаға су бүрку жұмыстары күшейтіледі

Бүгін 21:12

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 21:09

Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде колледжде бірге оқыған 10 студент қызмет етуде

Бүгін 18:24

Алматыда жастарға арналған тоғызқұмалақтан тегін курстар ашылды

Бүгін 18:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);