ffin.kz

Еліміздің бас мүфтиі пандемия дін өкілдерінің рухын әлсіретпегенін айтты

Еліміздің бас мүфтиі пандемия дін өкілдерінің рухын әлсіретпегенін айтты Сурет: Anatili.kazgazeta.kz

ҚМДБ төрағасы бүгінгідей сын сағатта адамдар бір-біріне қамқор бола түсу керектігін айтты


Пандемиялық жағдай дін өкілдерінің рухани әлемін әлсірете алған жоқ. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Адамзат баласы сан ғасырлық тарихымызда талай сындарлы сәттер мен сынақтарды, зобалаң замандар мен нәубеттерді бастан кешіп келеді. Әлемді үрейлендірген қазіргі сын сәтте де Адам мен Хауаның ұрпақтары қабырғамызды қайыстырмай, үмітсіздікке бой алдырмай, бір-бірімізге қамқор әрі тірекші бола білуіміз қажет. Бүгінде үрей құшағына еніп, елең-алаң күй кешкен әр адам үшін жылы сөздің өзі жанға дауа, көңілге медеу болып тұр. Бұл тұста діндарлар мен дін лидерлерінің рөлі орасан зор болып отыр», - деді ҚМДБ төрағасы.



Бас мүфти қазақ халқында «Бетеге кетсе, бел қалар, берекең кетсе, нең қалар?» деген аталы сөз бар екендігін еске салды.



«Алла елшісі айтқандай, жақсы сөйлеп, айналадағы адамдарға шуақ шашып, үрейге емес, үмітке қанат бітіре білсек қана, әлемдік пандемияны жеңеріміз анық. Менің ойымша, әлемдегі пандемиялық жағдай дін өкілдерінің рухани әлемін әлсірете алған жоқ. Пандемия уақытында мешіттер мен ғибадатханалар есігі жабылғанымен, сауап есігі жабылмайтыны секілді, дін қызметкерлері қоғамда ізгілік пен мейірім сынды құндылықтарды кеңінен насихаттай білді», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.








Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04