Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі


Синоптиктердің болжамынша, 7 қарашада елдің жеті өңірінде тұман түсіп, жауын-шашын болады және жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Ертең күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында күндіз қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с.


7 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.


Дүйсенб күні Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.


7 қараша түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі, күннің соңында облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болатын жел оңтүстік-батыстан соғады. Алматы және Қонаев қалаларында 7 қараша түнде және таңертең тұман түседі.


Түнде 7 қарашада Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорған қаласында түнде 7 қарашада тұман түседі.


7 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


Күндіз 7 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тәулік бойы 8 қарашада оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 7-8 қарашада тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 7 қарашада күндіз , 8 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 7-8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз 7-8 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.


Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.


7 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:34

20:15

19:44

19:19

18:40

18:14

17:50

17:34

17:20

17:05

16:43

16:37

16:20

16:02

15:32

15:25

15:18

15:15

15:09

15:07

14:51

14:50

14:47

14:30

14:18