AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерт...

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 13.02.2025, 08:17 1,641 dulatbekova
Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: ЖИ көмегімен салынды

Қазгидромет деректерге қарағанда, Астанада 13 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Ақмола облысында аздаған қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан асады.

13 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.

13 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттар тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с.

13 ақпанда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

13 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

13 ақпанда Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда көктайғақ болады.

13 ақпанда күндіз Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

13 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

13 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с.

13 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);