AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет Бүгін 08:31 36
Еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары болатыны ескертілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары): түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен тау бөктерінде 2 градусқа дейін үсік болады. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады. Жезқазған қаласында да тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15 м/с.

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батысында және солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында күндіз кей уақытта шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Кітапхана түні» акциясы өтеді

Бүгін 10:05

Алматыда туризм жаңаша серпін алды: креативті индустрия жаңа қызықты бағыттарды дамытып келеді

Бүгін 09:30

Ақынның ақырғы аманаты

Бүгін 09:10

Шетелдіктердің кейбіріне Қазақстанға кіру тәртібі оңтайланды

Бүгін 08:52

Ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Кеше 22:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика