AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет 03.04.2024, 03:11 824
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
3 сәуірде Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.


Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. 


Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болады.


Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.


Күндіз Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.



2024 жылы 3-6 сәуір аралығында Ақтөбе облысындағы өзен бассейндерінің жоғарғы жағынан мол судың түсуіне байланысты Атырау облысының Ембі өзені бассейнінде су деңгейінің күрт көтерілуі мүмкін екені болжанады. Ембі өзенінен Аққызтоғай ауылына дейін су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін, тіпті одан әрі көтерілуі ықтимал.


Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.


Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі.


Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. 


Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Таразда тұман түседі. 5 сәуірде түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дауыл #ауа райы #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Бүгін 18:52

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);