AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі спорт нысандарының жағдайы қалай?

Еліміздегі спорт нысандарының жағдайы қалай?

Әлеумет 17.02.2023, 03:29 990
Еліміздегі спорт нысандарының жағдайы қалай?
Сурет: www.facebook.com/Асхат Оралов

2025 жылға дейін елімізде 113 спорт нысаны салынып, 26-сы жөнделеді.


2025 жылға дейін елімізде 113 спорт нысаны салынып, 26 спорт нысаны жөнделеді. Бұл мәліметтерді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Түркістан тұрғындарымен кездесуіне айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сәлтеме жасап. 



«Мәдениет және спорт министрі ретінде алғашқы есеп беру кездесуін өткіздім. Жұмыс сапары Қазақстанның рухани астанасы - Түркістан қаласынан басталды. Есеп беру кездесуіне өңірдің 400-ден астам тұрғыны қатысты. Олардың ішінде мәдениет, спорт және туризм салаларының қызметкерлері, журналистер, ЖОО оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері және қоғам дамуына бей-жай қарамайтын азаматтар бар. Кездесу 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Уақыттың көп бөлігі тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге арналды», - деді министр.




Оның сөзінше, күн тәртібінде ономастикалық комиссия жұмысының тұжырымдамасын жаңарту қажеттілігі, Түркістан облысының шағын елді мекендерінде спорт клубтары мен мәдениет үйлерін салу, «Тұран» балалар футбол академиясын қолдау, спорт академиясы оқытушыларының еңбекақысын көтеру, спорттық және мәдени мекемелердің жұмысын бағалау мен қаржыландыру кезінде рейтингтік жүйе енгізу, жас спортшыларға арналған жатақханалар салу, Түркістан туризм университетінде өткен жылы тоқтатылған гранттарды беруді қайта жаңғырту сияқты тақырыптар көтерілді.


Есепті кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау да өткізілді.


Сондай-ақ министрлік жүргізіп жатқан жұмыс және алдағы жоспарлар туралы айтып берді.



«Біз спорттық инфрақұрылымды белсенді дамытып келе жатырмыз, 2025 жылға қарай 113 спорт нысаны салынып, 26 спорт нысаны жөнделеді. Сондай-ақ, Түркістанда 15 мәдени нысанды жөндеу және 3 мәдени нысан салу жоспарда тұр. Рухани астанамыз - Түркістанның өсіп-өркендеуіне бейжай қарамайтын тұрғындарына ашықтығы және сындарлы ұсыныстары үшін алғыс айтамын», - деді Асхат Оралов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #жөндеу #салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);