AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Еліміздегі құс фабрикалары баға белгілеуде өзара с...

Еліміздегі құс фабрикалары баға белгілеуде өзара сөз байласқан деген күдікке ілінді

Нарық 14.11.2021, 11:06 1,188 Almaty-akshamy
Еліміздегі құс фабрикалары баға белгілеуде өзара сөз байласқан деген күдікке ілінді
Cурет: Lada.kz

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар азықтың бағасы төмендеді


Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% құрады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.


Қабылданған шаралар есебінен екінші апта қатарынан картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) бағасының төмендеуі байқалады. Бір апта ішінде қырыққабат бағасының өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді.


Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға белгілеу бойынша бәсекелестікке қарсы сөз байласқан іс-әрекеттер белгілері бойынша Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізуді жүзеге асыратын 7 құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады.


Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу белгілерінің болуына және түрлі бағаларды қолдануына қатысты 12 хабарлама жіберілді.


Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тауық фабрикасы #өнім #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);