AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі жазда пайдал...

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі жазда пайдалануға беріледі

Әлеумет 12.05.2024, 13:46 1,104
Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі жазда пайдалануға беріледі
Сурет: Көлік министрлігі

Жол құрылысы маусымы аясында министр Марат Қарабаев бастаған көлік министрлігінің өкілдері ел өңірлеріне тұрақты түрде жұмыс сапарын жүргізуде.

Сала министрі жұмыс сапарымен Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына барды. Сапар барысында министр бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының былтыр қазан айындағы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес бұл учаскедегі жұмыстар аса маңыздылыққа ие. Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" күре жолының "Қызылорда-Сексеуіл" учаскесінде қолға алынған жұмыстарды тексерді. Қызылордадан Сексеуілге дейін қайта құру жұмыстарымен 463 шақырым жол қамтылады.

Сонымен қатар Шақпақ баба асуы арқылы өтетін елміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды.

"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды", - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.

Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне қыста Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автомобиль туннелі #Алғашқы #жол #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);