конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәрті...

Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәртіп енгізілді

Заң мен тəртіп Бүгін 10:13 42
Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәртіп енгізілді

2026 жылғы 4 тамыздан бастап жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер автоматты түрде микрокәсіпкерлік субъектісі саналады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 17 шілдедегі №106 бұйрығымен енгізілді. Құжат 20 шілдеде Әділет министрлігінде тіркеліп, 24 шілдеде ресми жарияланған.

Бұйрықта «Жаңадан тіркелген дара кәсіпкерлер микрокәсіпкерлік субъектілерінің санатына жатады» деп нақты жазылған.

Құжаттың толық мәтінімен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен танысуға болады.

Жаңа жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді?

Бұған дейін кәсіпкерлік субъектісінің санатын анықтау кезінде негізінен жұмыскерлердің орташа жылдық саны мен бизнестің орташа жылдық кірісі есепке алынатын.

Алайда жаңадан тіркелген кәсіпкерде өткен жылға қатысты мұндай көрсеткіштер болмайды. Енді бұл мәселе заң деңгейінде нақтыланып, кәсіп бастаған адам бірден микрокәсіпкерлік субъектісі ретінде танылады.

Яғни 2026 жылғы 4 тамыздан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматқа микробизнес мәртебесін алу үшін бөлек өтініш берудің немесе бұрынғы табысын дәлелдеудің қажеті жоқ. Санат тіркелген сәттен бастап автоматты түрде беріледі.

Кім микрокәсіпкер саналады?

Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 15 адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі 30 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес шағын бизнес микрокәсіпкерлік субъектісі саналады.

Кәсіпкерлік кодекстің толық нұсқасы «Әділет» жүйесінде жарияланған.

2026 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгені құрайды. Демек, 30 мың айлық есептік көрсеткіш 129,75 млн теңге.

Осылайша, жалпы ереже бойынша жұмыскерлерінің саны 15 адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі 129,75 млн теңгеден жоғары емес бизнес микрокәсіпкерлік санатына жатады.

2026 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері туралы ресми мәліметті Үкіметтің сайтынан көруге болады.

Дегенмен Кәсіпкерлік кодексінде қызмет түрлеріне қатысты бірқатар шектеу бар. Мысалы, банк, сақтандыру, аудиторлық, бағалы қағаздар нарығындағы және ойын бизнесіндегі қызметтің кейбір түрлері мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында микрокәсіпкерлік субъектісі ретінде танылмауы мүмкін.

Сондықтан кәсіпкер тек табыс пен жұмыскерлер санына ғана емес, өзінің қызмет түріне де назар аударуы қажет. Шектеулердің толық тізімі Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабында көрсетілген.

Осылайша, 4 тамыздан бастап енгізілген ереже кәсіп бастаған азаматтардың алғашқы мәртебесін айқындап берді. Енді жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер бірден микробизнес санатына енгізіледі, бірақ салық төлеу тәртібі бұрынғыдай Салық кодексінің талаптарына сәйкес бөлек анықталады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:37

Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Бүгін 09:53

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Бүгін 09:35

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін 09:05

Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды

Бүгін 06:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);