AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде вирус жұқтырғандар саны соңғы апталарда 3...

Елімізде вирус жұқтырғандар саны соңғы апталарда 3,2 есеге өсті

Медицина 02.08.2022, 04:59 1,601
Елімізде вирус жұқтырғандар саны соңғы апталарда 3,2 есеге өсті
Сурет: Kapital.kz

Жалпы, індет жұқтырғандар санының көбеюі 20 маусымнан басталған.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші өсе бастаған. Кейінгі екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.



«Кейінгі тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр. Қазір инфекциялық төсек-орынмен қамту 30 пайыз, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7 пайыз. Қазір 5 миллионнан аса адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 миллион 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68 пайызы», - деді Денсаулық сақтау министрі.



Сонымен қатар, Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтап, Денсаулық сақтау министрлігіне жағдайды қатаң бақылауда ұстауын талап етті.



«Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырудың, әсіресе, елордада және Қарағанды облысында көбейгенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакциналау мен ревакциналаудың төмен қарқыны эпидемиология жағдайының күрт нашарлауына алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#індет #Вирус #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);