Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде үстел теннисінен WTT Contender Almaty ха...

Елімізде үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді

Спорт 11.09.2022, 09:00 1,561
Елімізде  үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді
Сурет: Olympic.kz

Қазақстан 13-18 қыркүйек аралығында Алматыдағы жаңа ADD үстел теннисі орталығында өтетін үстел теннисінен беделді WTT Contender Almaty халықаралық турнирін қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Оған әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысады. Қазақстан алғаш рет жүлде қоры 75 мың USD құрайтын Contender сериясының әлемдік деңгейдегі турнирін қабылдайтын болады.



"Қазақстан Үстел теннисі федерациясы әрдайым Халықаралық федерация қамқорлығымен беделді турнирлерді ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді ниеттері туралы мәлімдеген болатын. Бұл біздің еліміздегі үстел теннисі бойынша алғашқы халықаралық оқиға емес. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің ең мықты спортшыларының қатысуымен ITTF World Tour Grand Finals халықаралық турнирі өткізілген болатын. Өткен жылы біз ITTF International Kazakhstan Open халықаралық турнирін өткіздік, онда біздің спортшылар өздерін жақсы көрсетті. Бұл турнир қазақстандық спортшыларға өз аумағында беделді халықаралық турнирге қатысуға бірегей мүмкіндік береді. Біз Халықаралық федерация көрсеткен сенімді жоғары бағалаймыз және бұл турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз",- деді Ұлттық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.



Турнирге әлемдік үстел теннисінің атақты жұлдыздары, оның ішінде Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және Әлем кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Қытайдың Тайбэйі), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-хён (Оңтүстік Корея) және басқалар қатысады.


ITTF және WTT ережелеріне сәйкес, аталған турнирде Қазақстанның атынан 11 ер спортшы және 11 әйел спортшы қатысатын болады, олардың ішінде құраманың көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы Кирилл Герасименко, сондай-ақ халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиев бар.


Турнирді тікелей эфирде "QAZSPORT" телеарнасы мен ITTF Халықаралық федерациясының ресми сайты көрсетеді.


Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық Олимпиада Комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына және Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ бас демеуші - Самұрық - Қазына, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры", "ADD Capital", "PTC Holding", "Qazaq Oil", "Қазақмыс корпорациясы", "Sulpak", "Halyk bank" демеушілеріне және турнирдің ақпараттық серіктесі - "QAZSPORT" телеарнасына алғыс білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #теннис #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика