AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ұн бағасы қымбаттады

Елімізде ұн бағасы қымбаттады

Әлеумет 29.09.2022, 05:24 1,343
Елімізде ұн бағасы қымбаттады
Сурет: Otyrar.KZ

Ішкі нарықта ұн сатылымы 21 пайызға төмендеген.


Ұн бағасы жылдық есепте бірден 41 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Жеті айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда ішкі нарықта ұн сатылымы 21 пайызға төмендеп, экспорт 25 пайызға өскен.



Дәнді дақылдар мен өсімдік ұны, сондай-ақ, ұсақ тартылған қоспалар өндірісі биыл қаңтар мен тамыз аралығында 2 миллион тонна болған. Бұл былтырмен салыстырғанда, 0,5 пайызға аз. Ал одан бір жыл бұрын өндіріс көлемі 3,8 пайызға төмендеген.



Бұл саладағы шығарылған өнімнің 1,9 миллион тоннадан астамы бидай немесе суржик ұнына, 138,9 мың тоннасы нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспаға, 7,4 мың тоннасы ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұнына кеткен.



Биыл қаңтар мен шілде аралығында отандық компаниялар дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұнға сұранысты 98,9 пайызға, былтыр 99,6 пайызға қарсы қамтамасыз еткен. Бұл бір жылда 1,2 пайызға қысқарған, ал импорт 2,5 есе, бірақ тек 18,8 мың тоннаға дейін өскен.



Экспорт 2022 жылғы қаңтар мен шілде аралығында 935,3 мың тонна болып, 24,9 пайызға артқан, ал ішкі нарықта сатылым көлемі 20,5 пайызға, 757,5 мың тоннаға дейін қысқарған.



2022 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша, ұн бағасы бір айда 4,3 пайызға өскен, бұл - 2011 жылдан бастап ұнның айлық деңгейде қымбаттауының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап рекорд көрсеткіш биылғы сәуір мен мамырда тіркелген, яғни 7,5 пайыз және 6,8 пайыз болған.



2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8 пайыз болған. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында ұн айына орта есеппен 4 пайызға қымбаттаған.



Өңірлер арасында, 2022 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша, ұн бағасының ең жоғары айлық өсімі Павлодар (12,8 пайызға), Жетісу (12,4 пайызға) және Батыс Қазақстан (11,9 пайызға) облыстарында байқалған. Ұн Ақмола (0,3 пайызға), Ақтөбе (0,6 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (0,8 пайызға) облыстарында айтарлықтай қымбаттамаған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұн #баға #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);