AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Елімізде түрлі иісті темекілерді сатуға және тұтын...

Елімізде түрлі иісті темекілерді сатуға және тұтынуға тыйым салынады

Мұны білген жөн 08.06.2022, 09:33 2,636
Елімізде түрлі иісті темекілерді сатуға және тұтынуға тыйым салынады
Сурет: Alterainvest.ru

Қазақстанда вейптерді сатуға және тұтынуға тыйым салынбақ.


Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтық, газ – оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады», - деді депутат Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.



А. Жамалов Қазақстанда қазір қыздырылатын темекіге (Айкос, Гло) ешқандай салық салынбайтынын түсіндірді.



«Ағзаға әсері, никотин мөлшері және басқа параметрлер бойынша бұл ДДСҰ тұжырымына сәйкес, қарапайым темекімен бірдей зиянды. Бүгін депутаттар бұл стиктерге акциз салу шешімін қабылдады. Оларға кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70%-ы мөлшерінде акциз енгізу ұйғарылды», - деді Мәжіліс депутаты.



Одан бөлек, Денсаулық сақтау туралы кодекске сұйық және газ түріндегі темекі қоспалары бар электрондық құрылғылар деп аталатын вейптарды сатуға және пайдалануға тыйым салу жөнінде түзету енгізілді.



«Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталды», - деді А. Жамалов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#вейп #темекі #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00

Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанды

Бүгін 05:00

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Кеше 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Кеше 20:33

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Кеше 19:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);