AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келе...

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

Мәдениет Бүгін 11:28 27 yakiya
Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

16 мамырда Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжат адами капиталды дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Президент тапсырмаларын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана саласын жаңғырту, кітап оқуды кеңінен насихаттау және халықтың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте саланы цифрландыруға ерекше мән берілуде.

Бүгінде ұлттық жазба мұрамызға кеңінен қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі – ұлттық электронды кітапхана, яғни ҚазҰЭК. Порталда кітаптар, сирек құжаттар мен қолжазбалар, мерзімді басылымдар, диссертациялар, архив материалдары, аудио және бейнежазбалар, карталар және басқа да цифрлық ресурстар жинақталған.

2026 жылдың басынан бері ҚазҰЭК материалдарын қарау саны 3,6 миллионнан асты. Қашықтан пайдаланушылар саны 295 116 адамға жетсе, электронды көшірмелерді жүктеу көрсеткіші 891 551-ді құрады.

Осы кезеңде электронды кітапхана қорына 2 506 цифрлық көшірме енгізіліп, 437 құжат өңдеуден өткізілді және 127 555 бет сканерленді. Қазіргі таңда ҚазҰЭК-тің жалпы қорында 86 315 құжат бар. Оның ішінде цифрландырылған 10 мыңнан астам қолжазба мен сирек кітап сақталған.

Электронды кітапхана қызметін әлемнің 122-ден астам елінің оқырмандары пайдаланады. Порталға Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Германия, Франция және Қырғызстан тұрғындары ерекше қызығушылық танытып отыр. Электронды құжаттар әлемнің 70 тілінде ұсынылған.

Порталдағы барлық материалды тіркелусіз-ақ еркін қарауға болады. ҚазҰЭК қорында «Мемлекеттік бағдарламалар аясында жарық көрген кітаптар», «Сирек құжаттар мен қолжазбалар», «Түркітілдес елдер кітапханасы» және басқа да тақырыптық жинақтар бар.

Алдағы уақытта бұл жұмыс Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру арқылы жаңа деңгейге көтерілмек. Бірыңғай платформа электронды каталогтарды, цифрлық қорларды, білім беру ресурстары мен заманауи сервистерді өзара біріктіреді. Соның нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан отандық әдебиетке, ғылыми басылымдарға, сирек кітаптар мен архив материалдарына еркін қол жеткізе алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы шаралар күшейтіледі

Бүгін 12:01

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді

Бүгін 10:22

«Əділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 09:35

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);