AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Елімізде тәтті сусындар мен шырындар қымбаттайды

Елімізде тәтті сусындар мен шырындар қымбаттайды

Нарық 05.05.2022, 16:07 2,813
Елімізде тәтті сусындар мен шырындар қымбаттайды
Сурет: 1zoom.ru

Қазақстанда алкогольсіз сусындар мен шырындардың бағасы көтеріледі


Өндірушілер ассоциациясы алдағы уақытта бағаны қайта қарамақшы. Олар өз өнімдерінің құнын қанттың қымбаттауына байланысты өсірмекші, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.



"Өндірушілер өз өнімдерінің бағасын ұстап тұруға тырысуда. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды, себебі негізгі ингредиент – қанттың бағасы өсіп жатыр. Сәйкесінше, өндірушілер де тауарларын қымбаттатуға мәжбүр. Шамамен 7-20% аралығында деп ойлаймын. Қазір өндірушілердің көп бөлігі шығынды оңтайландыру жолдарын іздеп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылар санын қысқарту да бар", – деді Алкогольсіз ішімдік өндірушілері ассоциациясының президенті Әлия Мамытбаева. 



Қант соңғы үш айда айтарлықтай қымбаттай түскен. EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, тек наурыз айында баға 33%-ға, бір жылда екі есеге өскен. 


Көктемнің басында ең қымбат қант Нұр-Сұлтанда сатылған. Мұнда тұтынушылар бір келісі үшін 450 теңге төлеген. Кейінгі орынға Алматы мен Қостанай орналасты. Ал ең арзан қант Тараз қаласында болды. 


Қазір Алматыдағы азық-түлік дүкендерінде қант 500-650 теңгеге сатылып жатыр. Шақпақ қанттың бір қаптамасының құны 1 000 теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ елде қант өндірісі де қысқарған. Отандық зауыттар қаңтар мен наурыз айларының аралығында 51 мың тонна қант өндірген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20%-ға аз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сусындар #шырындар #бағасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);