AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мү...

Елімізде сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін

Әлеумет 04.10.2023, 10:59 1,091
Елімізде сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін
Сурет: Rbc.ru

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы 2027 жылдан бастап сутегімен жүретін локомотивтер сатып алмақшы.


Осылайша олар логистикалық компаниялардың алдындағы экологиялық иммиджін жақсартпақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында осындай мәлімет айтты.




«Әуе мен теңіз көлігіне қарағанда қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды 8 есе аз тастайтынына қарамастан, теміржол саласында жетілдіру қажет тұстар жетерлік. 2027 жылдан бастап «Қазақстан Теміржолы» жасыл сутегімен жүретін локомотивтер сатып ала бастайды.


Яғни, біздің локомотивтер паркі жасыл энергетикаға басымдық беретін болады. Оған дейін газбен жүретін локомотивтер сатып алмақшымыз. Өткенде ол туралы да келісімдерге қол қойдық. Газ да жасыл технологияға жатады. Яғни, жасыл технология логистика саласына келіп жатыр. Ірі компаниялармен келіссөз жүргізгенде жобаның құнымен бірге жүктің әр тоннасына қанша шығарынды келетіні нақты жазылады. Ірі компаниялардың бәрі логистикалық өнім сатқанда міндетті түрде көміртегі ізін көрсетіп отырады. Бұл – уақыттың пәрмені», - деді ол.




Компания басшысы Қазақстан аумағымен жүк тасымалдағысы келетін ірі компаниялар онлайн бақылау жүйесінің жетілмегеніне сақтықпен қарайтынын айтады.




«Біздің сала үшін цифрландыру да маңызды. Өйткені ірі компаниялармен сөйлескенде олардың айтатыны бар. «Қазақстан аумағына кірген сәттен бастап жүгімізді көруден қаламыз. Қай жерде кетіп бара жатқаны немесе тұрғаны беймәлім болып кетеді», - дегенді айтады. Сондықтан осындай технологияларды беретін әлемнің ірі компанияларымен жұмыс істеп жатырмыз. Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан тарапымен осы цифрлық дәлізді бірізді етіп құруға уағдаласып жатырмыз», - дейді Нұрлан Сауранбаев.




Жалпы әлемдегі тасымал тізбегінің бұзылуы «Қазақстан Теміржолы» үшін қолайлы жағдай туғызған ұқсайды.




«Кейінгі үш жылда бізде тарихи көрсеткіштер тіркеліп келеді. Яғни, біз жыл сайын Қазақстан теміржолының ең жоғары көрсеткіштерін жаңартып отырмыз. Биыл да солай болатын түрі бар. 9 айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы 7 пайыз өскен. Негізгі өсім транзит есебінен болып тұр. Тарнзиттің өз өсімі – 25 пайыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш және Қазақстан транзиттік ел ретінде қалыптасқанын айғақтайды», - дейді ҚТЖ басшысы.




Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылған болатын.  «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, америкалық локомотив өндіруші компания Citibank-тің қаржыландыруы арқылы арқылы елімізде 240 жаңа локомотив жасамақ. Мәміленің құны 900 млн долларға тең.


Келісім «Қазақстан темір жолы» компаниясының 15 пайызға жуық локомотивін жаңалауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыздар #сутегімен жүретін #логистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика