Елімізде Сот-сексологиялық сараптама енгізілмек

Елімізде Сот-сексологиялық сараптама енгізілмек almaty-akshamy.kz

Соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі – Сот-сексологиялық сараптаманы енгізу бойынша жұмыстарды бастады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Сараптама тексерілушінің психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығын, ауытқулар байқалса, олар нені білдіретінін және педофилдерді анықтап, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап береді, – деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта Сот-сексологиялық сараптама түрі бойынша әдістеме әзірленіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21