Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде онлайн еңбек жәрмеңкесі басталды

Елімізде онлайн еңбек жәрмеңкесі басталды

Әлеумет 27.06.2022, 06:28 1,071
Елімізде онлайн еңбек жәрмеңкесі басталды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Оған қазақстандық 23 ірі жұмыс беруші қатысып, 50-ден астам мамандық бойынша 1320 бос жұмыс орнын ұсынды.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 27-29 маусым аралығында өтетін Электрондық еңбек биржасындағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министр өзінің құттықтау сөзінде еңбек жәрмеңкесі жас мамандарға отандық экономиканың флагманы саналатын кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға бірегей  мүмкіндік беретінін атап өтті.



«Электрондық еңбек биржасының арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1 мыңнан астам жастың еліміздің ірі кәсіпорындары ұсынған 50-ден астам кәсіпті қамтитын 1320 бос орынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осы еңбек жәрмеңкесін қолдаған барлық компанияларға алғысымды білдіремін. Осындай іс-шараға алғаш рет қатысып отырған жастарға: асықпаңыз, қорықпаңыз, бүгін сіздің күніңіз», – деді Тамара Дүйсенова.



27 маусым күні еңбек жолын енді бастағалы отырған жас мамандарға арналған  еңбек жәрмеңкесі аясында «Тиімді жұмыс іздеу» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылады, онда қатысушыларға мамандар түйіндемені қалай жазу керектігін, жұмыс берушілермен кездесуде өзін қалай ұстау, қандай сәттерге назар аудару қажет екенін үйретеді.


27-29 маусым аралығында әр жұмыс беруші өз компаниясын таныстырады. Онда жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтылады. Бірқатар жұмыс іздеушімен тікелей эфирде онлайн-әңгімелесу өткізіледі.


Онлайн еңбек жәрмеңкесі аясында бос жұмыс орнын ұсынған жұмыс берушілердің арасында Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығына кіретін кәсіпорындарды, Kaspi.kz, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «КАТКО» БК ЖШС, «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС, «Евразия групп Казахстан» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Первое кредитное бюро» ЖШС компанияларын және тағы басқаларын атап өтуге болады.


Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер халықтың түрлі топтары үшін ай сайын ұйымдастырылады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке #жұмыс #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика