Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде кино мен телебағдарламалар жасау қызметте...

Елімізде кино мен телебағдарламалар жасау қызметтері 1,5 есеге өсті

Өмір-өзен 15.03.2022, 10:09 1,384
Елімізде кино мен телебағдарламалар жасау қызметтері 1,5 есеге өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Алайда біздің кинотеатрлар  толығымен шетел фильмдеріне  тәуелді, кейбірінің жабылып қалу қаупі бар.


Америкалық фильмдердің Ресейде таралуына тыйым салу Қазақстан нарығына кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында фильмдерді, бейнефильмдерді және телебағдарламаларды өндіру, сондай-ақ дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызметтердің көлемі 47,1 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық, бірақ «коронанавирустық дағдарыстың алдындағы» 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27,4%-ға аз.


Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 90%-ға жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтанға ғана тиесілі: тиісінше 32,6 млрд және 9,7 млрд теңге. Тағы 1,6 миллиард теңге Қазақстан Республикасының үшінші мегаполисі Шымкенттің үлесіне тиді.


Бұл саладағы қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі кәсіпорындарға тиесілі: 45,5 млрд теңге, яғни бір жылдағы өсім – 19,8%-ға артық. Жеке кәсіпкерлер қызметтің жалпы көлемінің небәрі 1,6 млрд теңгесін қамтамасыз етті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 36,5%-ға аз.


Меншік нысандары жағдайында 44,8 млрд теңге бірден жеке кәсіпорындарға тиесілі болып, бір жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. Тағы 493,3 млн теңге шетелдік кәсіпорындарға түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда  4 есеге аз. Мемлекеттік кәсіпорындар бұдан да аз қызмет көрсетті: бар болғаны 191,3 млн теңге, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда екі есеге аз.



Саладағы қызметтердің жартысынан астамы тікелей фильмдер, бейне және телебағдарламалар шығарумен байланысты болды: 25,7 млрд теңге. Сондай-ақ фильмдер, бейнероликтер мен телебағдарламаларды тарату (12,3 млрд. теңге) және фильмдерді көрсету қызметі (8,1 млрд. теңге) айтарлықтай көлемді қамтамасыз етті.


Айта кетейік, биыл Ресейге салынған санкциялар мен соның салдарынан америкалық фильмдерді көрсетуге тыйым салу қазақстандық нарықты да шарпыған болатын. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы ең ірі кинотеатрлар желісінің бірі – Kinopark ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қызметін тоқтататынын хабарлады. Оның басты себебі, прокат фильмдері Ресейде орыс тіліне аударылып келетін, ал тыйым салудың кесірінен жаңа фильмдер дубляжсыз қалды. Қазақстанда танымал сұраныстағы фильмдердің 99,9 пайызы қазақша субтитрмен орыс тіліндегі дубляжбен көрсетіледі. Соған қарамастан, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев Kinopark кинотеатрларының жабылуын кейінге қалдыруға және отандық фильмдерді прокатқа шығаруға келіскенін, оның кейбірі қайталанып көрсетілетінін айтты.



Бұл ретте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі голливудтық студиялармен келіссөздер жүргізіп жатқанын және олардың фильмдерін Қазақстан Республикасында тарату мәселесі жақын арада шешілетінін хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Прокат #Кино #фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика