AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде журналистика орталығы ашылды

Елімізде журналистика орталығы ашылды

Әлеумет 17.02.2023, 09:39 1,045
Елімізде журналистика орталығы ашылды
Сурет: Egemen.kz

Ол MediaLab деп аталады.


Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек MediaLab журналистика орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы MediaLab журналистика орталығы қоғамдық медиа мен коммуникациялардың қоғамға әсері тақырыптары шеңберінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады.


Кездесу барысында ведомство басшылары медиа-мамандықтар үшін әдебиет даярлап, басып шығаруды, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде журналистерді оқытуды ұйымдастыруды, журналистика факультеті студенттерінің оқу мерзімінде тәжірибеден өту мерзімін есепке алу мен индустриядағы дуалды білім жүйесін талқылады.



«Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумында біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне, соның орайы бүгін келіп отыр. MediaLab орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе, аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді», - деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.



Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау көрсетіледі.



«Біз әлемдегі журналистика мектептерінің озық деген оқу бағдарламаларын «Ашық силлабус» жобасы аясында Қазақстанға әкеліп, үздік кітаптар мен оқулықтарды қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз»,  - деді Д. Қыдырәлі.



Сондай-ақ ғылым саласындағы сұрақтар, оның ішінде ғылыми журналистика және БАҚ-тағы ғылыми зерттеулер қарастырылды. Іс-шара соңында министрлер бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#MediaLab #Журналистика #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);