Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды

Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды

Билік 16.05.2022, 03:16 1,213
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Сурет: Massaget.kz

Бағдарлама «Жасыл Даму» арқылы әзірленеді


Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру басталды. Жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жыл ішінде екі рет берілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Жеке автопаркті жаңартуды ынталандыру мақсатында ҚР азаматтарына жеңілдікпен несие беру бойынша автокөлік сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту үшін «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен бағдарлама әзірленді. Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, халыққа автокөлікті несиелендіру келесі шарттармен жүзеге асырылады:


- сыйақы мөлшерлемесі 4%;


- несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек;


- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;


- бастапқы жарна 0%-дан бастап;


- көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.


Несие беруді Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын болады. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ЕДБ-де түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімдерінің сақталуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы шарт. Сондай-ақ бір түпкілікті қарыз алушыны екі жылда бір реттен жиі емес қаржыландыру түріндегі шектеулер бар. Лизинг алушылар үшін автобустарды сатып алу шарттары төмендегідей болады:


- сыйақы мөлшерлемесі 0,01%;


- лизинг мерзімі 7 жылға дейін - бастапқы жарна 0% бастап;


Жеңілдетілген автонесие түріндегі қолдаудан басқа, мемлекет жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі мәселелерін шешу шараларын пысықтауда.


Бүгінгі таңда ӨКМ операторының функциялары «Жасыл даму» АҚ-на беруіне байланысты осыған дейін пайдалана алмаған жеңілдік сертификаттарын пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктер зерделенуде. Бұл сертификаттарды пайдалану жүргізіліп жатқан тексеру әрекеттеріне байланысты уақытша тоқтатылды.


Айта кетейік, бұған дейін Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекіткен болатын.


Ал өткенде аптада ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр 16 мамырда банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайтынын мәлімдеген еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#автонесие #үкімет #Жасыл даму #автопарк #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика