Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде интернет-саудаға қатысты 772 шағым түскен

Елімізде интернет-саудаға қатысты 772 шағым түскен

Әлеумет 16.06.2022, 13:46 920
Елімізде интернет-саудаға қатысты 772 шағым түскен
Cурет: Ашық дереккөз

Электрондық саудаға қатысты шағымның дені тауар және сатушы туралы ақпараттың болмауы


Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов Egov.kz порталында өткен интернет конференцияда айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


«Электрондық саудаға қатысты шағымның дені тауар және сатушы туралы ақпараттың болмауы, тауардың берілген сипаттамаға сәйкес келмеуі, интернет-сайттардың тауарды кері алып, ақшаны қайтарудан бас тартуына қатысты. Сондай-ақ электрондық сауда бойынша алаяқтық фактілерге қатысты шағымдар да бар. 2022 жылғы бес айдың ішінде 772 өтініш немесе шағым келіп түсті. Бұл жалпы келіп түскен шағымның 8,3% құрайды», - деді Серік Құсайынов.

Оның айтуынша, тұтынушылардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты да шағымдар түседі.



«Атап айтсақ, өтініштер мен шағымдар коммуналдық қызметтердің сапасыз көрсетілуі, тарифтерді негізсіз көтеру, электр энергиясын есептеу құралдарын заңсыз тексеру және ауыстырумен байланысты. Сонымен қоса электр желілерін заңсыз алу және газ тарату компанияларына қатысты шағымдар жиілеп кетті. Биылғы 5 айда аталған сала бойынша 454 өтініш немесе шағым түсті. Бұл жалпы шағымның 5% құрап отыр. Ал өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты 408 өтініш-шағым түскен еді», - дейді ол.



Сондай-ақ комитет басшысының орынбасары тұтынушылардан келіп түсетін жалпы өтініш, шағым 2021 жылмен салыстырғанда 2% азайғанын айтып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #сауда #шағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:05

«Ата заңмен жаңғыру»: Алматыда Atameken CUP XXIV республикалық дебат турнирі өтті

Бүгін 11:54

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Бүгін 10:35

Бір дәруменнің тапшылығы аурудың ауыр өту қаупін арттыруы мүмкін

Бүгін 10:29

QyzPU-да KazChessLab инновациялық зертханасы ашылды

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі