AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Елімізде есірткіні түрлі әдістермен насихаттайтынд...

Елімізде есірткіні түрлі әдістермен насихаттайтындар жауапқа тартылады

Мұны білген жөн 25.08.2022, 11:23 1,281
Елімізде есірткіні түрлі әдістермен насихаттайтындар жауапқа тартылады
Сурет: Inform.kz

Есірткі насихаттаушылары жазаға тартылады. 


ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов елімізде есірткіні түрлі әдістермен насихаттайтындардың жауапқа тартылатынын айтты. Олардың ішінде рэперлер, графити суретшілері, түрлі сайттар кіретіні атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info-ғасілтеме жасап.


Басқарма бастығы елімізде жасөспірімдер мен жастардың, әсіресе, рэперлер мен әншілерге еліктеушіліктерінің басым екенін жеткізді.




«Жастар бүгінде рэп айтатын түрлі топтарға еліктейді. Мысалы, біз осыған дейін Mad Men тобын осы есірткі қылмысы бойынша ұстаған болатынбыз. Олар өз кезегінде жастар арасында өте танымал топ. Біз мұндай оқиғалардан соң бәріне мұқият назар аударатын болдық. Мәселен, қазір рэп айтып жүргендердің әндерінің мәтіндерінде марихуана тағы да басқа есірткілер туралы сөздер қосылып жүр. Бұның өзі есірткіні насихаттау болып саналады. Бұрын бұндай әрекеттерге тек әкімшілік жаза қолданылса, бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 299-1 бабы бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді Әмірханов.



Басқарма бастығының мәліметінше, осы бап бойынша бүгінгі таңда 79 іс тіркелген. Ол бұл істерге жаза қолданбас бұрын нақты дәлелдер мен арнайы сараптама жүргізілетінін қоса кетті.



«Ол үшін де арнайы сараптамалар жүргізіледі. Марихуана есірткі деп айтылса, оны нақты жауапқа тарта алмаймыз ғой. Біз желілерден өзіміздің арнайы мамандарымыз арқылы бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, мұқият қараймыз. Мәтінінде есірткі туралы бір сөз бар екен деп бәрін жауапқа тарта алмаймыз. Айтып кеткенімдей, оны насихаттаушыларды тергеп, ән болса әнін, белгілі бір киім мен суреттер болса, оны сот сараптамасынан өткізіп барып жауапқа аламыз. Бұл жерде Әкімшілік те, Қылмыстық та кодекс қарастырылады.


Алматыда жақында рэп жазған осындай бір топ мәтінін сараптамадан өткізіп, 296-бап бойынша тіркедік. Қазір тергеу, тексеру амалдары жүріп жатыр. Біз мұндай мәтіндерге бірден көңіл бөлеміз», – деп қосты Әмірханов.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есірткі насихаттаушылар #Жаза #жауапқа тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);