AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде еңбек шартын жасау жеңілдетілді

Елімізде еңбек шартын жасау жеңілдетілді

Әлеумет 31.10.2023, 06:30 1,216
Елімізде еңбек шартын жасау жеңілдетілді
Сурет: Нighlevel.kz

Енді еңбек шартын қашықтан рәсімдеуге болады.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді құжатқа еңбек ресурстары порталы және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоюға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биылғы қазан айында HR.Enbek.kz еңбек ресурстары порталында электрондық еңбек шарттарын жасасу жөніндегі функционал іске қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.


Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, порталда, оның ішінде "Еңбек шарттары" бөлімінде құжаттың жобасын жасауға немесе шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға  жіберуге мүмкіндік беріледі.


Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді.



"Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильдік қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қол жетімді болады. Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #шарт #онлайн #портал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);