AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде дәрі-дәрімек бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде дәрі-дәрімек бағасы қымбаттауы мүмкін

Әлеумет 10.03.2022, 14:41 1,491
Елімізде дәрі-дәрімек бағасы қымбаттауы мүмкін
Сурет: Aprfd.kz

Сарапшылар Украина мен Ресейдегі жағдай фармацевтика саласына едәуір әсер етеді деп болжауда.


Мұндай болжамды Energyprom агенттігінің сарапшылары жасаған. Нарықтағы тауарлар үлесінің 85 пайызы – импорттық препараттар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ға  сілтеме жасап.  


Шетелден жеткізілетін дәрі-дәрмектің үлесі Ресей, Украина мен Беларуське тиеселі екен. Сондықтан Қазақстан нарығына дәрілерді тасымалдауға қатысты бірқатар қиындық туындаған.  



«Бізде екі үлкен аймақ бар. Алматы облысы, оның ішіне Алматы қаласы да кіреді және Шымкент қаласы – біздегі фармацевтика саласында 66 пайызға импортты тұтынатын, қабылдап алатын аймақтар. Фармацевтика саласында дәрілердің қымбаттауы байқалады. Қарапайым «Хилак-Фортенің» 42 пайызға өсуі деген сияқты», - деді қаржыгер Жалғасбек Ақболат.



Сарапшылар алдағы уақытта препараттарды тасымалдау бойынша мәселелерді шешу керек екенін айтады. Дәрі тапшылығын болдырмауға алдын ала жасақталған тұрақтандыру қорлары да оң әсерін береді. Дегенмен қала дәріханалары мен тұрғындары дәрі тапшылығын әзірге сезіне қоймаған сияқты.  



«Енді барлық тауар Ресей мен Украинадан ғана келмейді. Ресей мен Украинадан келетін препараттарды өзіміздің Қазақстаннан шығатын, болмаса басқа мемлекеттерден шығатын препараттармен алмастыруға болады. Сондай-ақ бізде қазір баға көтеріліп, дәрілердің тапшылығы ондай ештеңе болып жатқан жоқ», - деді фармацевт Назерке Айтжан.


«Дәрінің бағасында өте қатты өзгеріс жоқ. Бірақ кейбір дәрілердің бағасы қымбаттап жатыр. Өзгерістер бар. Қазір нақты айта алмаймын. Аттарын ұмытып қалдым, соңғы алған дәрімде кішкене өзгеріс болған», «Әлемде бүкіл баға көтеріліп жатыр. Себебі шикізаттың бәрі Ресейде өндіріледі ғой. Сондықтан көтеріліп жатыр. Соған енді біз түсіністікпен қарауымыз керек», - дейді тұрғындар.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәрі-дәрімек #баға #болжам #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);