AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде босқын мәртебесін беру тәртібі өзгереді

Елімізде босқын мәртебесін беру тәртібі өзгереді

Әлеумет 12.08.2024, 16:30 905 Bakyt
Елімізде босқын мәртебесін беру тәртібі өзгереді
Сурет: ашық дереккөз
 

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа түзетулерге сәйкес, босқын деп тану туралы шешім жергілікті атқарушы орган тарапынан шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

Егер адам босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесін алғаннан кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және оның өзі көрсеткен мекенжайы бойынша келмейтіні туралы хабарлама келіп түссе, немесе оның Қазақстаннан тыс жерге кеткені туралы ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімнің күшін жояды.

Сонымен қатар, егер пана іздеуші адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылса, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін және шешімге шағымдану тәртібін көрсете отырып, шешімнің көшірмесін табыстайды немесе ол тұрған жері бойынша жібереді. Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган мен ішкі істер органдарына хабар беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #босқын #Қаулы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);