Елімізде бетперде тағу режимінің күші жойылды

Елімізде бетперде тағу режимінің күші жойылды Сурет: интернеттен

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.



"Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы №2 қаулысының күші жойылсын", делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.



Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


9 ақпанда құжатта мына жағдайлар қамтылғаны хабарланды:


медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;


Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21