Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәр...

Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді

Спорт 10.06.2024, 10:28 804
Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді
Сурет: Gov.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» Заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілді.

Бұдан бөлек, түзетулермен кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу және балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына қарай және осы ваучерлерді өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжуы көзделеді. Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.

Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cпорт #секциялар #балалар #қабылдау тәртібі #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика