Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхан...

Елімізде алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды

Әлеумет 24.05.2023, 15:00 1,253
Елімізде алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды
Сурет: Polisia.kz

Бұл қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі


Қазақстанда алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды. Ол ІІМ орталық аппаратының базасында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Аталмыш зертхананың мамандары екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – қызметкерлер бағдарламалық-аппараттық кешендерді пайдалана отырып, компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді. Екіншісі – биометриялық белгілер бойынша жеке басты сәйкестендіруді (бейнелер аналитикасы) пайдалана отырып, фото/видео бойынша портреттік зерттеулер жүргізу. 


Бұл қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар криминалистикалық цифрлық зертхана алаяқтар құрбандарының санын азайтуға, кінәсіз адамды ұстау қаупін болдырмауға, құқық бұзушыларды анықтауға және тергеу кезінде дәлелдемелік базаны бекітуге мүмкіндік береді. 



– Мұнда жаңа құрылғылар бар, қысқа мерзімде компьютерлік техникалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық жасақтама орнатылған. Бүгінгі таңда бұл ІІМ жүйесіндегі зерттеудің жаңа түрі. Жоба Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында іске қосылды. Жеке басты сәйкестендіру жүйесі бойынша жақсы нәтижелер бар. Қазірдің өзінде біз барлық жасырын ұрлықтарды кеңседе отырып-ақ ашамыз. Криминалист адамдарды қашықтан анықтай алады, – деді ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мұхит Сүлейменов. 



Бұл шара жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етеді, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алудың ең жақсы тәсілі болып табылады, елдегі азаматтардың қауіпсіздігін арттырады. Жалпы криминалистердің жұмысы сан қырлы. Сондықтан қызметкерлер үшін өз қабілеттерін дамыту және материалдық-техникалық жабдықтарды жақсарту маңызды.



– Бүгін біз ішкі істер министріне әлемдік криминалистиканың жаңа әзірлемелерін таныстырдық. Бүгінгі техника қылмыстың көрінбейтін, жасырын іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бізде еліміздің жедел-криминалистикалық қызметтерінің барлық басшылары үшін тренинг өткізілуде. Оларды жаңа техникамен жұмыс істеуге үйретіп жатырмыз, – деп атап өтті ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департамент бастығының орынбасары Сергей Стихеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Криминалистика #зертхана #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика