Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңард...

Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Өмір-өзен 23.12.2024, 15:11 929
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Сурет: Vb.kg

2024 жылғы қарашада Қазақстан синоптиктері ауа райына қатысты бірнеше рекордты тіркеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қарашаның бірінші онкүндігінде Қазақстанның шығыс бөлігінде оң температуралық фон байқалды, бірнеше рекорд жаңарды: 3 қарашада Балқаш метеостанциясында температура +15,9 градусқа жетіп, 1955 жылғы рекордты (+15,8 градус) жаңартты. Павлодар метеостанциясында температура +15,6 градусқа дейін көтерілді. Бұрынғы рекорд 1988 жылы тіркелген, сол кезде ауа температурасы +13,7 градус болған.

Қарашаның екінші онкүндігінің басында антициклон Қазақстанның басым бөлігін қамтыды, нәтижесінде түнгі ауа температурасы -11-19 градусқа, оңтүстікте -5-10 градусқа дейін төмендеді.

Орталық және шығыс аймақтардың кей жерлерінде термометр бағандары -23-29 градусқа дейін төмендеді. 13 қарашада Қарағанды облысындағы Ақтоғай метеостанциясында ауа температурасы -26,2 градусқа жетіп, 2018 жылғы рекордты жаңартты, ол кезде температура -25,1 градус болған, – деді синоптиктер.

Ай бойы белсенді атмосфералық фронттары бар циклондар республика аумағында жауын-шашынды және желді ауа райын қалыптастырды. Мұнда да рекордтар тіркелді.

Ақтөбе облысында 1 қарашада айлық жауын-шашын нормасы – 16 миллиметр түсті, айлық норма – 18 миллиметр. 5 қарашада Ойыл метеостанциясында – 15 миллиметр, ал айлық норма – 22 миллиметр. 11 қарашада Күршім метеостанциясында 30 миллиметр жауын-шашын түскен, айлық нормасы 28 миллиметр болады, – деп хабарлады метеорологтар.

Астанада қарашадағы орташа температура -3,5 градус болып, нормадан 1,7 градусқа жоғары болды. Ең төменгі температура 30 қарашада -14,8 градус болып тіркелсе, 3 қарашада ең жоғары температура +13,6 градусқа жетті. Ай бойы 38 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл айлық норманың 131 пайызына тең (норма – 29 миллиметр).

Қазақстандықтарды өткен айда жел де таңғалдырды. Мысалы, Ақмола облысында 3 қарашада желдің екпіні секундына 30 метрге жетсе, 6 қарашада Жамбыл облысында 31 метрге жетті.

7 қарашада бірнеше аймақта қатты жел тіркелді: Қарағанды облысында секундына 30-34 метр, Павлодар облысында 30-31 метр, ал Жетісу облысында 36 метрге дейін жетті. 24 қарашада Жамбыл облысында жел екпіні секундына 36 метрге дейін жетті, – деп мәлімдеді синоптиктер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #температура #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26

"Әй, ақкөңілім-ай". Мақпал Жүнісова концертіне келген 90 жастағы әжеге жүз мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 10:16

"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады

Бүгін 10:04

Шымкентте өз қызын 11 жасынан бастап зорлаған ер адам сотталды

Бүгін 09:52

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика