Елімізде 4,7 мың шақырым республикалық маңызы бар жол салынады

 Елімізде 4,7 мың шақырым республикалық маңызы бар жол салынады Коллажды жасаған Нұрбосын ӨРІСҰЛЫ

 Жол инфрақұрылымы – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі. Қазақстанда кең аумақты қамтитын 96 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары бар. Бұл елдің ішкі қатынасын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық транзит үшін де үлкен маңызға ие. Алайда, жолдардың сапасы мен инфрақұрылым жағдайы әлі күнге дейін халық арасында талқыланатын өзекті мәселелердің бірі.

Биыл елімізде 4,7 мың шақы­рым республикалық маңыздағы жол салынады. Оның 3,7 мың ша­қырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болмақ. 

2024 жылы құрылыс, қайта жа­ңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусы­мында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаң­ғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылды­рылды.

7 мың шақырым жолдың құры­лысы аяқталды. Атап айтқанда, Қа­рағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарын­да құрылыс жұмысы бітті. Жоба­ларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқарту­ға, жолдың өткізу қабілетін артты­руға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қос­танай, Солтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан, Ақтөбе және Павло­дар облыстарында орындалды. Бұдан басқа, ел көлемінде жол құ­рылысына қатысты көптеген ірі жобалар жүзеге асты.

ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Алматы тұрғындарының күн­делікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылым­ның бірі – жол. Тіршіліктің күре­тамыры саналатын жолдың са­пасын жақсартуда мегаполисте көптеген жобалар іске асырылу­да.

Бұл бағытта қалада былтыр ауыз толтырып айтарлықтай жа­ғымды жаңалық көп болды. Атап айтар болсақ, 2024 жылы Алматыда 25 шақырым жаңа жол салынды. Әсіресе, Құлжа тас жолының 6 жо­лаққа дейін кеңеюін тұрғындар қуана қабылдады. Бұл бағыттағы сағаттап тұратын кептелістен құ­тылған көпшілік қазір сол жолдар­дың игілігін көруде. Бұдан бөлек, 255 көшеде 250 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілгенін де айта кету керек. Сондай-ақ, 2024 жылы Саин – Мөңке би жолайры­ғын салу және Абай даңғылын ұзарту жұмыстарынан қала қозға­лысына жаңа тыныс ашылды.

Алматы қалалық Мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен, 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға және 30 шақырым жаяу жүргінші­лер жолына орташа жөндеу жұмыс­тарын жүргізу жоспарланған. Жаңа жолдар негізінен «Жас қанат», «Шұғыла», «Әлмерек», «Ақжар», «Рахат», «Мәдениет», «Боралдай»» шағынаудандарын қамтиды. Бұл қалаға кейіннен қосылған аудан­дарда тұратын 70 мыңнан астам тұрғынның көлік қатынасын жақ­сартады. Сондай-ақ, 2025 жылы мегаполисте Сейфуллин – Жансүгі­ров жолайрығын іске қосу, Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту; Абай даңғылын қаланың шекара­сына дейін ұзарту жұмыстары секілді бірнеше маңызды жобаның құрылысы аяқталады. Сала маман­дары 2024 жылы Алматы жолдары­ның 92%-ы сапалы деп таныса, бұл көрсеткішті 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Тіршіліктің күретамыры санала­тын жолдың жағдайы қай өңірде болса да маңызды мәселе. Сондық­тан жайлы жол, бұл – тек, физика­лық жағынан жақсы болу ғана емес, ол адамға рухани және психология­лық тұрғыда да жайлылық пен рахат әкелетін элемент.

Тақырыпқа орай

Асан БОСТАНОВ, 

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы

басшысының орынбасары:

ҚАЛА ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

2024 жылы Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы, 255 көшеде 250 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Бұл шаралар жолдардың сапасын арттырып қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізді. Сонымен қатар, Саин – Мөңке би көшелеріндегі жаңа жолайырықтар ашылып, негізгі магистральдарды кеңейту жұмыстары жалғасты. Құлжа тас жолы кеңейіп, 6 жолақ болды.

Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын артып келе жатқан көлік саны, урбанизация және халық санының өсуі жол инфрақұрылымын дамыту қажеттігін арттыра түсуде. Сол себепті біз қала көшелеріндегі асфальттың сапасын жақсарту, төзімділікті арттыру және жолдардың қызмет мерзімін ұзарту мақсатында жолдарға полимерлі-битумдық қоспаларды пайдалана бастадық. Бүгінде мұндай материалдар заманауи жол құрылысында кеңінен қолданылып келеді.

Тақтайдай түзу жол – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін ескерсек, жол жөндеу жұмыстары қай өңірде болса да, тоқтамауы тиіс.

2025 жылы Алматыда бірнеше маңызды жобаның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы толығымен аяқталып, оның маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін, Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту секілді жұмыстар аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстар қала дамуына серпін береді.

 

 

 

Тамерлан ТОҚТАРБЕКОВ, 

Бостандық ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас инспекторы:

ТҰРАҚТЫ КҮТІМ

жолдың қызмет ету мерзімін ұзартады

– Қаланың әл-ауқаты мен оның болашағын жақсартуда инфрақұрылымды дамыту мен ағымдағы жөндеу жұмыстары басты рөл атқарады. Өйткені, жолдың сапасы экономикалық өсу, өмір сүру сапасын жақсарту, туризм және шетелдік инвестициялар, тұрақты даму мен ұзақ мерзімді перспективаларға тікелей әсер етеді. Инфрақұрылымды жақсарту – қаланың бүгінгі келбетін ғана емес, сонымен бірге оның болашақта қалай дамитынын, тұрғындарының өмір сүру сапасын қамтамасыз ететінін және оның барлық салаларына жаңа мүмкіндіктер жасайтынын білдіреді.

Айта кету керек, жол жөндеу жұмыстары тиімді және уақтылы жүргізілсе, олар жолдың жағдайын нашарлататын, жабынға түсетін жүктемені арттырып, оның тозуын тездететін жарықтар мен шұңқырлар сияқты зақымдарды жоюға көмектеседі. Ал тұрақты күтім жолдың қызмет ету мерзімін ұзартып, болашақта күрделі жөндеуді қажет етпейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:51

09:30

09:16

09:09

08:35

08:18

08:07

07:58

19:44

19:13

19:06

18:49

18:12

18:05

17:53

17:26

17:22

16:56

16:30

16:23

15:49

15:37

15:22

15:16

15:10