AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 21 әуе бағдарына 6,3 млрд теңге бөлінді

Елімізде 21 әуе бағдарына 6,3 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 05.04.2023, 16:00 925
Елімізде 21 әуе бағдарына 6,3 млрд теңге бөлінді
almaty-akshamy.kz

Қазіргі кезде әуе көлігі саласында 6 қазақстандық тасымалдаушы 56 ішкі бағдар бойынша аптасына 706 рейсті орындап келеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Ішкі нарық жайында айтатын болсақ, 2012 жылдан бастап барлық шектеулер алынып тасталды. Яғни ішкі тұрақты тасымалдауға рұқсаты бар кез келген отандық әуе компаниясы ішкі бағдарлар бойынша рейстерді қандай да бір шектеусіз орындай алады. Қазіргі кезде 6 қазақстандық тасымалдаушы (Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air, Южное небо, Жетісу) 56 ішкі бағдар бойынша аптасына 706 рейсті орындап келеді», - деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Сонымен қатар ол әуе бағдарларын субсидиялау мәселесіне тоқталды.


«Бұл қадам 2002 жылдан бері қолданылып келеді, мақсаты - орталықты өңірлік әуе желілерімен байланыстыру. Биыл орталықтан облыстарға (Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау) 21 әуе бағдарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 6,3 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Рейстерді «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» авиакомпаниялары орындайды. Тарифтер 10 000 теңгеден басталып (Жезқазған – Қарағанды) 33 000 теңгеге дейін құрады (Түркістан-Орал)», - деді вице-министр.


Оның сөзіне қарағанда, республикалық бюджетті нақтылау нәтижесінде биыл Астана – Жезқазған, Астана – Павлодар, Қарағанды – Жезқазған, Көкшетау – Шымкент және Тараз – Атырау сияқты жаңа бағыттарды ашу жоспарланған.


«Осы жылы наурыз айында республикалық бюджетті нақтылау аясында Астана-Павлодар, Тараз-Атырау, Көкшетау -Шымкент авиамаршруттарын субсидиялау үшін 878 млн теңге сомасында қаражат бөлінді», - деді Алмаз Ыдырысов.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аиация #Субсидия #Ыдырысов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика