AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Елімізде 2029 жылға қарай 2,3 млн жас жұмыспен қам...

Елімізде 2029 жылға қарай 2,3 млн жас жұмыспен қамтылады

Саясат 11.02.2023, 07:11 1,948
Елімізде 2029 жылға қарай 2,3 млн жас жұмыспен қамтылады
сурет: UKIMET

Үкіметте жастар саясаты және білім беру саласын дамыту жобалары қаралды.


2029 жылға қарай 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Үкіметінің Telegram-каналына сілтеме жасап.


Кеңесте жастар саясаты және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы 6 бағыт пен 10 нысаналы индикаторды және 72 іс-шараны қамтитынын айтты.



«Біз 2029 жылға қарай мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардарлығын 90% дейін, волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылу деңгейін 32% дейін арттыруды көздеп отырмыз», — деді Д. Қыдырәлі.




Сонымен қатар Тұжырымдама жобасы жас кәсіпкерлердің үлесін 30% дейін, жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасынан жұмысқа орналастырылған жастардың үлесін 61% дейін ұлғайтуды көздейді.


2029 жылға қарай 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту жоспарлануда, оның 1 миллионы – ауыл тұрғындары. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын 1,5 миллион жас қазақстандық цифрлық сауаттылыққа оқытылатын болады.


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазақстандық жастардың колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуына баса назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚР Үкіметі #жастар саясаты #Білім беру #жұмыспен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);