AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 14,5 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

Елімізде 14,5 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

Әлеумет 30.10.2023, 05:35 995
Елімізде 14,5 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 529 жұмыс беруші бар.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 1 қазандағы мәліметінше, Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 534 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 515 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 717 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 332 және 680 адам. Сонымен бірге маусымдық жұмыстарға 1 897 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 393 адам тартылды.



Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 529 жұмыс беруші бар. Оларда 471,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-ы.


Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 887 адам (34,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 637 адам (11,5%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 360 адам (9,6%), өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам (8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 896 адам (6,3%).


Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 944 адам (27,8%), Өзбекстан – 1 714 адам (12,1%), Үндістан – 1 326 адам (9,3%), Түркия – 1 288 адам (9,1%).


Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шжк #Қазақстан #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);