AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымы...

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Спорт Бүгін 10:56 36
Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті
Сурет: ҰОК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен бетпе-бет келді.

Қарсыластар осыған дейін өзара бес мәрте кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина басым түскен еді. Соңғы рет Индиан-Уэллс мастерс жарысының үшінші айналымында 6:4, 6:4 есебімен Костюкті ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді — 5:3. Ақыры матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Костюк 3 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 68-орындағы аустралиялық Талия Гибсонмен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, 18 жастағы америкалық Ива Йовичті айқын басымдылықпен жеңді — 6:2, 6:2.

Е.Рыбакина Майамиде 2023 және 2024 жылдары финалға дейін жеткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Елена Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика