конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпи...

Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды

Спорт 10.07.2022, 04:01 1,454
Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші Ұлыбритания ашық чемпионатының соңғы бәсекесінде әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салды.


Бұл екеуінің де «Үлкен дулыға» жарысындағы алғашқы финалы еді. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде О.Жабер жеңіске жеткен еді.


Бірінші партияда брейк жасаған тунистік спортшы алға кетті. Сетті ол тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Есесіне екінші сетті Елена брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін өз геймін ала білді – 6:2.


Е.Рыбакина үшінші, шешуші партияны да брейкпен бастады – 2:0. Алтыншы геймде Елена доп бергенде, 0:40-тан «құтыла» алды – 4:2.


Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2.


Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын букмекерлер Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның қарсыласын фаворит деп танып отырғанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыластары анықталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #теннис #Елена Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:15

Алматыда бір тәулікте жол ережесі 2 092 рет бұзылған

Бүгін 08:33

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:11

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Кеше 18:45

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);