Елена Рыбакина алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шықты Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық спортшы биыл қатарынан 12-інші жеңісіне қол жеткізді


Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасты.


Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен кездеспеген еді.


Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек жарақатына байланысты Майами мастерс турниріне қатысудан бас тартқаннан кейін италиялық теннисшінің жарыс барысында жолы болғандай еді. Бірақ оның төртінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің чемпионы, латвиялық Елена Остапенконы жеңіп кетуі М.Тревизанның оңай шағылатын жаңғақ еместігін танытты.


Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Е.Рыбакина қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік бермей, өзі сондай сәтті құр жібермеді – 3:1. Дегенмен М.Тревизан да қарап қалмай, брейкпен есепті қысқартқанымен, Елена сол бойда қарымта қайырды – 5:3. Содан кейін сетке доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3.


Қазақстандық теннисші екінші сетті брейкпен бастап, бет қаратпады – 6:0.


Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз пайдасына жазды. Қарсыласы 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) ғана көзге түсті.


Осылайша, қазақстандық спортшы биыл қатарынан 12-інші жеңісіне қол жеткізді.


Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-сатыдағы ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21