Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена елді қуантты

Елена елді қуантты

Спорт 11.07.2023, 12:47 990
Елена елді қуантты
Сурет: ашық дереккөз

Ұлыбританияда өтіп жатқан теннистен Уимблдон–2023 турнирінің үшінші айналымында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті.



Елена Ры­ба­кина 1/8 финалдағы бәсекесін өткізіп, ширек финалға өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Оның қарсыласы – WTA әлемдік рейтингінде 13-орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя ойынды соңына дейін жеткізе алмады. Матчтың төртінші ойынынан кейін Беатрис денсаулығы сыр бергенін айтып, медициналық үзіліс алды. Физио­терапевтің тексерісінен кейін ойынды жалғастыруға тырысып бақты.



«Беатрис көзіне жас алды, ойынды жалғастырып жатыр. Жеңіс үшін соңына дейін күре­суде», – деді тікелей эфирде матч ком­ментаторы.



Алайда бұл соңғы гейм болды, 4:1 есебімен жеңіс қазақстандық спорт­шының пай­дасына тиді. Е.Рыбакина үшін бразилия­лық теннисші өте қолайсыз қар­сы­лас еді. Бұл екі теннисші биыл қос кез­десу өткізген еді. Абу-Дабидегі (БАӘ) жа­рыста Беатрис үш партияда басым түсті: 3:6, 6:3, 6:2, ал Шт­ут­гарттағы (Германия) додада қазақ­стан­дық спортшы 6:1, 3:1 есебімен басым тұрғанда, бәсекені жалғастырудан бас тарт­ты. Әлемдік БАҚ өкілдері осы көр­сеткіштерді алға тартып, Хаддад-Майяға жеңіс тілеген еді. Десе де, қазақстандық спортшының жолы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика