AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / «Елдің болашағы – әрқайсымызға байланысты»: Октябр...

«Елдің болашағы – әрқайсымызға байланысты»: Октябрь Алтаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Құрылтай 08.08.2026, 17:05 300
«Елдің болашағы – әрқайсымызға байланысты»: Октябрь Алтаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Видеодан алынған кадр

Белгілі қазақстандық әнші әрі композитор Октябрь Алтаев 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырып, ел тұрғындарына үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бейнеүндеуді өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әншінің айтуынша, дауыс беруге қатысу – әрбір азаматтың мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдіруіне берілетін мүмкіндік.

«Құрметті қазақстандықтар! Еліміздің болашағы тек үлкен шешімдермен ғана емес, әрқайсымыздың жеке таңдауымызбен де қалыптасады. Сондықтан сіздерді 23 тамыз күні сайлау учаскелеріне келіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамын. Біздің дауысымыз – туған-туыстарымыздың, балаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы жауапкершілік. Шетте қалмаңыздар. Бұл күн ортақ таңдауымыздың, бірлігіміздің және жарқын болашаққа деген сеніміміздің күніне айналсын», – деді Октябрь Алтаев.

Өнер иесі белсенді азаматтық ұстаным қашанда мықты қоғамның негізі болғанын, ал сайлауға қатысу – ел тағдырына бейжай қарамайтындықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Бұл күні азаматтар дауыс беруге қатысып, елдің өкілді органының алдағы даму бағытын айқындайтын өз таңдауын жасай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);