«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауа райы жауын-шашынды әрі тұманды болады.
Астанада 2 қаңтарда күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысында жұма күні күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Көкшетау қаласында 2 қаңтарда жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, түнде екпіні секундына 15–20 метр.
2 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Шымкентте 2 қаңтарда кей уақытта тұман болады. Түркістан қаласында да 2 қаңтарда тұман болады.
Маңғыстау облысында жұма түні облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында 2 қаңтарда тұман мен көктайғақ болады.
Жамбыл облысында жұма түні таулы аймақтарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан, түнде облыстың солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында, күндіз таулы аймақтарда екпіні секундына 15–20 метр.
2 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында кей уақытта тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында жұма түні облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз қар жауады, облыстың солтүстігінде және шығысында қалың қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15–18 метр.
2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15–18 метр.
Абай облысында жұма түні оңтүстік-батыста аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады.
Ертең Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысында жұма күні облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.
2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метр.
Атырау облысында жұма күні облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, облыстың шығысында екпіні секундына 15–20 метр.
Ертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында жұма күні облыстың батысында және солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15–20 метр.
2 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.