AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елдің 15 өңірінде күн райы бұзылады

Елдің 15 өңірінде күн райы бұзылады

Өмір-өзен 03.02.2026, 08:36 339 dulatbekova
Елдің 15 өңірінде күн райы бұзылады
Сурет: shutterstock

3 ақпанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

"Қазгидромет" мәліметінше, түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу боран соғады, күндіз қар мен боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар мен боран күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысы мен орталығында екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз шығысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу боран соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында боран мен көктайғақ күтіледі, кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысы мен таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге дейін жетіп, екпіні 23 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың шығысы мен таулы аймақтарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысында қар мен боран күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қалың қар жауады. Күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, боран соғады. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде Қарағанды облысында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ болады. Тұман түседі.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында және солтүстігінде тұман мен көктайғақ болады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ облыстың осы аумақтарында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында нөсерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Тұман болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #3 ақпан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);