AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Елдегі жолдардың қайсысы ашық, қайсысы жабық?

Елдегі жолдардың қайсысы ашық, қайсысы жабық?

Хабарлама 01.01.2026, 11:44 593 dulatbekova
Елдегі жолдардың қайсысы ашық, қайсысы жабық?
Сурет: qaz.ulysmedia.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды:

Павлодар облысы

• республикалық маңызы бар «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолының 0-263-шақырым аралығы (Атамекен ауылы — РФ шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 189-492-шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы — Орал қаласы);

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-526-шақырым аралығы (Барбастау ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-610-шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Қобда ауылы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 179-189-шақырым аралығы (Индер ауылы — БҚО шекарасы).

Ақмола облысы

• республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы өткізу бекеті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау өткізу бекеті).

Жамбыл облысы

• республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238-шақырым аралығы, Қордай асуының жаңа айналма жолы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы).

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды:

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктума ауылы — Достық станциясы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдар #трасса #Ашық #жабық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);