Елде 5 жылда тұқым өндірісі айтарлықтай кеміді

Елде 5 жылда тұқым өндірісі айтарлықтай кеміді Сурет: Baraev.kz

Бүгінде астық алқаптарының 28%-і ғана орылған.


Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе төмен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Жаз бойы құрғақшылықтан титықтаған шаруалар егін жинау қызатын шақта жауыннан көз аша алмай отыр. Мәжіліс отырысында диқаншылардың жанайқайын депутат Аян Зейнуллин жеткізді. Елде 5 жылда тұқым өндірісі айтарлықтай кеміді. Ол аздай тұқым шаруашылығымен айналысатын ғылыми орталықтарда ұрлық-қарлық етек алған. Оның үстіне қаржылай қолдау да мардымсыз. Ғылыми мекемелер жан бағу үшін пайдасы көбірек өзге дақылдарды егуге мәжбүр, - дейді ол.



«Азық-түлік келісімшарт корпорациясында жатқан 362 мың тонна астық тауарлық бағытта, тұқым ретінде пайдаланып жатсақ, сапасы төмен болады. Шаруашылықтардың оны екпейтіні белгілі. Қиын-қыстауда дән сатып алатын көршіміз Ресейдегі жағдай да мәз емес. Олар өздеріндегі проблемалардың алдын алу үшін экспортқа тұқым шығаруды шектеуі мүмкін», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллин. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:34

11:18

11:05

10:54

10:44

10:32

10:22

10:10

09:48

09:29

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27